Енді олар аталған қарсыласымен 28 мамырда тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді.
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қырғызстанмен алғашқы жолдастық кездесуін өткізді, деп жазады inform.kz.
Кездесу барысында қазақстандық футболшылар жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде ел құрамасынан Карина Берікова хет-триктің авторы атанды. Оған қырғызстандық футболшылар бір голмен жауап қайырды.
Осылайша отандастарымыз қаарсыласын 3:1 есебімен жеңді.
Енді олар аталған қарсыласымен 28 мамырда тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді.
Оқу-жатттығу жиыны 23 мамырда Алматы қаласындағы «Қайрат» футбол клубының базасында басталды.
Ел құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионы үшінші тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары — Армения, Люксембург және Лихтенштейн.
Алғашқы екі ойында қазақстандық футболшылар Арменияға 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Люксембургпен 2:2 есебімен тең түсті. Ал үшінші турда Лихтенштейнді 4:0 есебімен тізе бүктірсе, төртінші турда 3:2 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында шешуші екі ойынын өткізеді. Алдымен 30 мамырда Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді қабылдаса, араға үш күн салып Люксембургпен кездеседі.