Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары Иранмен кездеседі

0
770

Қазақстан қыздары С тобында сынға түседі. Қарсыластары – Норвегия, Румыния және Иран құрамалары.


Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары Иранмен кездеседі

ERNUR.KZ. Бүгін гандболдан әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы үшінші ойынын Иранға қарсы өткізеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан қыздары С тобында сынға түседі. Қарсыластары – Норвегия, Румыния және Иран құрамалары.

Ұлттық құрама бүгін Иранмен шеберлік байқасады. Ойын елорда уақытымен 22:50-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Иран – Азия құрлығында алдыңғы қатарлы құраманың бірі. 2021 жылы құрлықтық додада төртінші орынға табан тіреді. Сол жолы олар Қазақстанға 33:38 есебімен жол берген еді.

Екі құрама арасындағы бүгінгі кездесуде үшінші орын тағдыры шешіледі. Әрбір топтан үздік үштікке іліккен құрамалар жарысты жалғастыруға мүмкіндік алады.

Еске салсақ, бұдан бұрын ұлттық құрама Норвегия мен Румынияға есе жіберді.

Қазақстан құрамасы бұған дейін әлем чемпионатының финалдық сатысында 5 мәрте бақ сынады. 2007 жылы – 18, 2011 жылы – 19, 2009, 2015, 2019 жылдарда 22-орынды қанағат тұтты. Ал Олимпиада ойындарында 2008 жылы 10-орын алды.

Әлем чемпионаты 1-19 желтоқсан аралығында Испанияның Лирия, Кастельон, Гранольерс, Торревьеха қалаларында өткізіледі. Дүбірлі додада барлығы 32 құрама бақ сынайды.