9 сәуірде Сайтама қаласында Геннадий Головкин Риота Муратаны нокаутпен жеңді.
ERNUR.KZ. Бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жапониялық Риота Муратаға сыйға тартқан шапаны мұражайға қойылды, деп жазады stan.kz.
Қазақтың ұлттық киімі Риота Муратаның жетістіктеріне арналған экспозициялардың біріне орналастырылған.
Головкин сыйға тартқан шапан Муратаның WBA нұсқасы бойынша белбеуі және 2012 жылы өткен Олимпиадағы алтын медальмен қатар қойылды.
Еске салайық, 9 сәуірде Сайтама қаласында Геннадий Головкин Риота Муратаны нокаутпен жеңді. Кейін қарсыласына сыйластық танытып, жапониялық боксшыға өз шапанын сыйлады