Франция бұл турнир тарихында екінші жеңімпаз болды. 2018/19 маусымында өткен ең бірінші турнирде Португалия жеңіске жеткен.
ERNUR.KZ. Футболдан Франция құрамасы Ұлттар лигасы финалында Испанияны ұтты, деп жазады Vesti.kz.
Миланда өткен финалдық кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Карим Бензема (66-минут) және Килиан Мбаппе (80) гол салды. Ал Испания командасында Микель Оярсабаль (64-минут) көзге түсті.
Мұның алдында үшінші орын үшін Туринде өткен матчте Италия құрамасы Бельгияны ұтты - 2:1.
Осылайша, Франция бұл турнир тарихында екінші жеңімпаз болды. 2018/19 маусымында өткен ең бірінші турнирде Португалия жеңіске жеткен.