Ал оған дейін бұл қызметті 11 жыл бойы атқарып келген Бекжан Бектенов федерацияның халықаралық істері жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.
ERNUR.KZ. Қазақстан бокс федерациясының директоры болып Маратбек Мықтыбеков тағайындалды, деп жазады baq.kz.
Ал оған дейін бұл қызметті 11 жыл бойы атқарып келген Бекжан Бектенов федерацияның халықаралық істері жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.
Маратбек Мықтыбеков – тәжірибелі спорт менеджері. Бұған дейін ол дзюдо федерациясының вице-президенті, сонымен қатар Алматыда бокс федерациясының директоры, Азия бок конфедерациясының кеңесшісі қызметін атқарды.
Сонымен қатар Мықтыбековтің спорт саласындағы жетістіктері жетерлік. Атап айтқанда ол юниорлар арасында самбодан әлем чемпионы болған, сондай-ақ дзюдо бойынша юниорлар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, халықаралық деңгейдегі спорт шебері.