Қазақстан бокстан Әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

0
935

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті хабарлады.


Қазақстан бокстан Әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

ERNUR.KZ. Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан Әлем чемпионаты мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан түрлі дәрежедегі алты медаль еншіледі, деп жазады ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, алтын медальға 81 келіге дейінгі салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов қол жеткізді. «Күмісті» командаға Қамшыбек Қоңқабаев алып келді. ҚР құрамасының капитаны финалда өзбекстандық Баходир Джалоловтан ұтылып қалды. Солайша, екінші орын иеленді. Қазақстан қоржынына төрт қола медальды Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін), Тұрсынбай Құлахмет (75 келіге дейін) және Василий Левит (91 келіге дейін) салды.

Өкінішке қарай, Қайрат Ералиев (57 келіге дейін) пен Закир Сафиуллин (63 келіге дейін) жүлдесіз қалды.

Медальдық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орын алды. Бірінші орынға үш «алтын», бір «күміс» және бір «қоламен» - Өзбекстан, екінші орынға үш алтын және бір қола медальмен Ресей орналасты.

Турнирде Қазақстан сияқты бір алтын медальды кубалықтар да иеленді. Бұдан бөлек, олардың еншісінде бір күміс және бір қола жүлделер бар. Олар төртінші позицияға жайғасты.

Бокстан ерлер арасындағы Әлем чемпионаты Екатеринбург қаласында 7-21 қыркүйек күндері аралығында өтті. Халықаралық Олимпиада комитетінің шемімімен турнир Токио Олимпиадасына іріктеу статусынан айырылды. Дегенмен, оған қатысқан қатысушылардың саны ерекше көп болды. Атап айтсақ, 88 елден 467 спортшы келді. Екі жыл бұрын Гамбургте 85 елдің 279 боксшысы қолғап түйістірген болатын.