Қазақстан бокстан халықаралық турнирде екі алтын жеңіп алды

0
585

Жарыстың финалына Қазақстаннан 9 боксшы шыққан еді.


Қазақстан бокстан халықаралық турнирде екі алтын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Испаниядағы Boxam Elite-2024 турнирін 2 алтын медальмен аяқтады, деп жазады vesti.kz.

52 келіге дейінгі салмақта Жазира Орақбаева, +81 келіде Ләззәт Күнгейбаева чемпион атанды.

Жарыстың финалына Қазақстаннан 9 боксшы шыққан еді. Оның жетеуі шешуші шайқаста қарсыластарына жол беріп, күміс медаль еншіледі.

Олар – Әйгерім Сатыбаева (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі)), Әнел Сақыш (54 келі)), Аида Әбікеева (63 келі)), Мадина Нұршаева (70 келі)), Гүлсая Ержан (75 келі)) және Фариза Шолтай (81 келі)).

Жарысқа әлемнің 31 елінен барлығы 208 боксшы қатысты. Командалық есепте Өзбекстан боксшылары бірінші орынды иеленді (4 алтын, 2 күміс). 4 алтын медальдан жеңіп алған Италия мен Филиппин құрамалары екінші және үшінші орынға тұрақтады.