ОҚО құрама командасы 6 ойын өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтап, бірінші орынды иеленді.
ERNUR.KZ. 1 - 7 маусым аралығында Щучинск қаласында баскетболдан 2005 - 2006 жыл туылған қыздар арасында жазғы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Онда ОҚО құрама командасы 6 ойын өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтап, бірінші орынды иеленді. 2 - орында Қарағанды облысының командасы. Ал, жоғары үштікті Қостанай облысының құрама командасы иеленді. ОҚО құрама командасында Шымкент қалалық Л.Тәжиева атындағы №4 спорт мектебінің 6 баскетболшысы өнер көрсетті.