Қазақстан футбол құрамасының Ұлттар лигасы матчтарына қатысатын құрамы белгілі болды

0
131

Қазан айында Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі ойын өткізеді.


 Қазақстан футбол құрамасының Ұлттар лигасы матчтарына қатысатын құрамы белгілі болды
Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазан айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасы матчтарына шақырылған ойыншылардың құрамын жария етті, деп жазады sputnik.kz.

Соңғы тізімге 28 ойыншы кірді. Айта кетері, оқу-жаттығу жиыны 5 қазанда Кремс қаласында (Австрия) басталып, 9 қазанға дейін жалғасады.
Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Ақтөбе"), Александр Заруцкий ("Астана"), Стас Покатилов ("Тобыл"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы");
Қорғаушылар: Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – "Астана"), Сұлтанбек Астанов ("Ордабасы"), Роман Асранқұлов ("Тобыл"). ), Лев Скворцов ("Шинник", Ресей), Асхат Балтабеков ("Жетісу"), Ұлар Жақсыбаев ("Қызылжар"), Әділбек Жұмаханов ("Атырау");
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – "Ордабасы"), Рамазан Оразов ("Силькеборг", Дания), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Аслан Дарабаев ("Елімай"), Бактиер Зайнутдинов ("Бешикташ", Түркия), Ислам Чесноков ("Тобыл"), Андрей Ульшин ("Қайрат");
Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Адана Демирспор", Түркия), Айбар Жақсылықов ("Қайсар"), Жан-Али Пайруз ("Елімай"), Артур Шушеначев ("Сочи", Ресей).
Естеріңізге сала кетейік, қазан айында Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі ойын өткізеді. 10 қазанда Станислав Черчесов шәкірттері Австрия құрамасымен сырт алаңда ойнайды. Ойын Линц қаласындағы "Райффайзен Арена" стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 23:45-те басталады.
Үш күннен кейін біздің команда Словения құрамасын қабылдайды. Матч Алматыда, Орталық стадионда сағат 18:00-де басталады.