Қазақстан көркем гимнастикадан Ташкенттегі Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

0
98

Бірінші орынды 55,90 ұпаймен Қытай құрамасы иеленсе, Беларусь гимнастары 51,10 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.


Қазақстан көркем гимнастикадан Ташкенттегі Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

Фото: olympic.kz

ERNUR.KZ. Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп жазады inbusiness.kz.

Топтық жаттығуларда спортшыларымыз күміс медаль жеңіп алды. Көпсайыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 51,25 ұпай жинады. Ел намысын Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай қорғады.

Бірінші орынды 55,90 ұпаймен Қытай құрамасы иеленсе, Беларусь гимнастары 51,10 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Бүгін, 12 сәуірде, жекелей жаттығулар бойынша финалдық бәсекелер өтеді.