Қазақстан құрамасы кикбоксингтен әлем чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды

0
1 075

Апенин түбігіндегі жарыста 65 мемлекеттен келген 1600-ге жуық спортшы қатысып жатыр.


Қазақстан құрамасы кикбоксингтен әлем чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. 15-24 қазан аралығында Италияның Лидо-ди-Йезоло қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы Әлем чемпионаты өтіп, Қазақстан құрамасы 17 медаль иеленді, деп жазады Tengrinews.kz.

Апенин түбігіндегі жарыста 65 мемлекеттен келген 1600-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы бұл сында алты алтын, бір күміс пен 10 қола медаль жеңіп алды.

Чемпион атанғандар - Дінмұхаммед Баймұратов, Ерлан Шағбан, Мақсат Үсіп, Фазледдин Сафаров, Нұрсұлтан Жұмабаев, Нұрдәулет Қалшора.

Күміс жүлдегер - Азамат Өтемісов.

Қола жүлдегерлер - Серікбол Ермеков, Батырхан Қуандықов, Ариза Сманова, Дулат Дүйсенов, Жандос Назарбеков, Шыңғысхан Тлемісов, Берік Халықов, Бибарыс Сауханбек, Әділ Мырзағали, Дидар Төлебаев.