Қазақстан құрамасының формасы Бейжің олимпиадасындағы ең стильді формалар қатарына енді

0
735

Былтырғы жазғы ойындарда да Forbes Қазақстан командасының формасын үздіктер қатарына қосты.


Қазақстан құрамасының формасы Бейжің олимпиадасындағы ең стильді формалар қатарына енді

ERNUR.KZ. Халықаралық Олимпиадалық комитет 2022 жылғы Бейжің ойындарындағы ұлттық құрамалардың ең стильді формаларын назарға ұсынды. Олардың қатарында қазақстандық атлеттердің эпикировкасы да бар деп жазады Olympic.kz.

«Қазақстан сән бойынша сынақ тапсырды». ХОК ұсынған тақырып осындай. «Ақ және көк түстер мұз бен қарды белгілесе, қара түс сәттілік түсі саналады», - деп атап өткен Халықаралық Олимпиада комитеті.

Сондай-ақ, ХОК Forbes журналының пікірін де еске салды. Олар қазақстандық спортшылардың эпикировкасын сәнді киімдер қатарына енгізген. Айта кетелік, америкалық басылым Қазақстанның олимпиадалық формасын ең стильді эпикировкалар қатарына енгізген болатын.

Былтырғы жазғы ойындарда да Forbes Қазақстан командасының формасын үздіктер қатарына қосты.

Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстанмен қатар, АҚШ, Канада, Ресей, Қытай, Швеция және Германия олимпиадашыларының образын да ерекше атап өткен.