Қазақстанда допингке қарсы заң жобасы қабылданды

0
913

Допинг дауына байланысты халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстанға 2 ғана квота бөледі.


Қазақстанда допингке қарсы заң жобасы қабылданды

ERNUR.KZ. Елімізде спортшылардың допинг қолдануына қарсы күресетін заң жобасы мақұлданды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев мәлім етті, деп жазады Елорда Инфо.

«Допинг дауына байланысты халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстанға 2 ғана квота бөледі. Токио олимпиадасына баратын спортшылар әлі анықталған жоқ, біздің федерация олардың жарыстардағы көрсеткіштеріне қарап іріктейтін болады. Кімде кім ең жоғары салмақта көтерсе, сол олимпиадаға жіберіледі. Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші отырысында допинг қолданғаны үшін жаза туралы заң қабылданды. Олимпиада алдында біз спортшыларды 2-3 рет допингке қарсы тексеріп, сосын Германияға жібереміз ол жақта да тексеруден өтеді. Егер спортшыдан допинг белгісі анықталса, әрине Олимпиадаға жіберілмейді. Біз допингке қарсымыз. Допинг қолдану дауы көбінесе жас спортшыларға қатысты. Дегенмен бізде өз кезегімізде жиындар өткізіп, оқу-жаттығу жиындары барып тұрамыз. Яғни жас спортшыларға түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз», - деді Серік Сәпиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.