Қазақстандық ауыр атлеттер лицензиялық әлем кубогін сәтсіз бастады

0
549

Ауыр атлеттеріміз Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан лицензиялық әлем кубогін сәтсіз бастады.


Қазақстандық ауыр атлеттер лицензиялық әлем кубогін сәтсіз бастады

ERNUR.KZ. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама беретін соңғы лицензиялық әлем кубогіне қатысып жатыр, деп жазады stan.kz.

Ауыр атлеттеріміз Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан лицензиялық әлем кубогін сәтсіз бастады. Париж олимпиадасының жолдамалары үлестірілетін жарыстың алғашқы күнінде сынға түскен Айнұр Әбдіхалықова тобында өнер көрсетіп, бесінші орыннан көрінді. 45 келіде өнер көрсеткен ауыр атлетіміз жұлқа көтеруде 72 кг, серпе көтеруде 88 кг зілтемірді ырқына көндіріп, қоссайыс нәтижесі бойынша 160 келі нәтижемен шектелді.

Айта кетейік, Париж олимпиадасының жолдамасын беретін соңғы әлем кубогінің кезеңіне 110 елдің, 466 спортшысы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасының атынан алты спортшы сынға түсіп, лицензия үшін күресіп жатыр.