Қазақстандық бұрымды әлем чемпионы атағын жеңіп алды

0
1 813

Бұл Лукастың карьерасындағы алтыншы жеңісі, ал Юсаф алғаш рет жеңіліп отыр.


Қазақстандық бұрымды әлем чемпионы атағын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (6-1-0, 3 КО) Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп жазады vesti.kz.

Қазақстандық боксшының қарсыласы пәкістандық Рома Юсаф (5-1-1, 2 КО) болды. Өте жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, алайда біріншісінде аяқталды - Лукас қарсыласын нокаутқа түсірді.

Осылайша, қазақстандық боксшы WIBA тұжырымынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл белбеуді кезінде бокс аңыздары: Мухаммед Алидің қызы - Лейла Али мен абсолют чемпион Наталья Рагозина иеленген екен.

Бұл Лукастың карьерасындағы алтыншы жеңісі, ал Юсаф алғаш рет жеңіліп отыр.