Біраз уақыт бұрын Лукас бокстан ұлттық құрамада былықтар барын айтып, ел президентіне үндеу жасаған.
ERNUR.KZ. Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас 18 желтоқсан Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешінде кәсіпқойдағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп жазады Vesti.kz.
51 келідегі айқас төрт раундқа есептелген. Қарсылас алдағы уақытта белгілі болады.
Лукастың Instagram желісіне 555 мың адам жазылған және ол қазақстандық бұрымды боксшылар арасындағы ең танымалы.
Біраз уақыт бұрын Лукас бокстан ұлттық құрамада былықтар барын айтып, ел президентіне үндеу жасаған. Сонымен қоса, ол ұлттық командадағы өзге боксшы Назым Қызайбайды допинг қолданады деп айыптады. Ал Бақтияр Артаев оны құрамадан заңсыз шығарғанын айтқан.
Еске салайық, бұл бокс кешінің басты айқасында Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) жартылай орта салмақта IBO белбеуі үшін жұдырықтасады.
Сонымен қоса, тағы бір басты кезедсуде ауыр салмақтағы нокаутшы Иван Дычко (10-0, 10 КО) рингке шығады. Оның үстіне 20 жылдан кейін алғаш рет Қазақстан чемпионы атағы қайта сарапқа салынады, 55,3 келіде бұл белбеу үшін Ержан Залилов пен Ескендір Харсан айқасады.
Даурен Елеусінов әзірбайжандық Али Мамедовпен кездесу өткізеді. Бұл кешке қатысушылардың бірі жеңілмеген қазақстандық Жанқош Тұраров болады.