Қазақстандық нокаутшының айқасы күтпеген нәтижемен аяқталды

0
508

Дычконың Probellum бастамасымен өткізген бірінші айқасы алғаш рет толықтай өтті


Қазақстандық нокаутшының айқасы күтпеген нәтижемен аяқталды

ERNUR.KZ. Ауыр салмақта жеңілмеген қазақстандық боксшы Иван Дычко (12-0, 11 КО) кәсіпқойдағы кезекті жеңісіне жетті, деп жазады Vesti.kz.

Буэнос-Айресте (Аргентина) өткен айқаста ол жергілікті Кевин Эспиндоладан (7-4, 2 КО) басым түсті.

Дычконың Probellum бастамасымен өткізген бірінші айқасы алғаш рет толықтай өтті, он раунд қорытындысы бойынша қазақстандық нокаутшы бірінші рет төрешілер шешімімен (100-90, 99-91, 99-91) жеңіп отыр.

Осылайша, Иван кәсіпқой карьерасында 12-ші жеңісін тойлады. Ал Эспиндола төртінші рет жеңіліп отыр екен.