Қазақстандық спортшы тәжікстандық әлем чемпионын нокаутқа жіберді

0
1 022

Сұлтан Жолдасбеков Қырғызстанда өткен «Bаtyr-Bashy 4» турнирінде тәжікстандықпен жекпе-жекке шығып, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.


Қазақстандық спортшы тәжікстандық әлем чемпионын нокаутқа жіберді

ERNUR.KZ. Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Сұлтан Жолдасбеков Қырғызстанда өткен турнирде тәжікстандық әлем чемпионын нокаутпен жеңді, деп жазады Qsport.kz.

Сұлтан Жолдасбеков Қырғызстанда өткен «Bаtyr-Bashy 4» турнирінде тәжікстандық Махмадюнус Олимзодамен жекпе-жекке шығып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Отандасымыз әу баста жергілікті спортшы Тилек уулу Капармен (3-0-0) жекпе-жек өткізу керек еді. Алайда ол жарақатына байланысты кездесуге шыға алмағандықтан тағы да қырғыз спортшысы Мыктыбек Осконбаев (5-1-0) қарсылас атанады. Бірақ ол да жарысқа екі күн қалғанда жарақат алып, тағы қарсыласы ауысқан. Кез-келген қарсыласпен шығуға келіскен Сұлтанға Нурбай уулу Кайратты (5-1-0) қояды. Бір қызығы, үшінші қарсыласы да жекпе-жек болатын күні жарақат алып, жекпе-жектен бас тартады. Ақыры Nomad ММА-дан әлем чемпионы болған Махмадюнус Олимзодаға қарсы жекпе-жекке шығуға бел байлайды. Осылайша отандасымыз тәжікстандық, тәжірибелі қарсыласын 2 раундта жойқын соққыларының астына алып, техникалық нокаутпен жеңіске жетеді.

Айта кетейік, Сұлтан Жолдасбеков «Тахтай» клубының мүшесі.