Қазақстандық спортшылар спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа кірді

0
166

Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен спортшылар қатысып, жоғары деңгейдегі бәсеке өтті.


Қазақстандық спортшылар спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа кірді

ERNUR.KZ. Әмір Маймұратов – спорттық құзға өрмелеуден талай жарыста ел абыройын асқақтатқан спортшыларымыздың бірі, деп жазады inbusiness.kz.

Әмір Маймұратов пен Бекнұр Алтынбеков АҚШ-тың Денвер қаласында өткен спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде тамаша нәтиже көрсетіп, жылдамдық санатында Әмір алтыншы және Бекнұр тоғызыншы орындарды иеленді. Осылайша, олар әлемнің мықты спортшылары қатысқан додада үздік ондықтың қатарына енді.

Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен спортшылар қатысып, жоғары деңгейдегі бәсеке өтті. Жылдамдық санатында әрбір спортшы қабырғаға ең жылдам көтерілу үшін күресті. Финалдық кезеңде индонезиялық Киромал Катибин өзінің басты қарсыластарын артта қалдырып, алтын медаль жеңіп алды. Ол бірнеше жылдан бері осы санаттағы көшбасшылардың бірі саналады.

Қазақстандық спортшылар үшін бұл нәтиже халықаралық деңгейдегі жарыстарда жақсы тәжірибе болып, болашақта одан да жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. ҚР Құзға өрмелеу федерациясының мәліметінше, алдағы кезеңдерге де белсенді дайындық жүргізілуде. Спортшылардың басты мақсаты – 2025 жылғы әлем чемпионаты мен 2028 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алу.