Қазақстандық таеквондошылар Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды

0
123

​Жалпыкомандалық есепте төртінші орынға ие болды.


Қазақстандық таеквондошылар Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды

Фото: Olympic.kz

ERNUR.KZ. Қытайдың Уси қаласында таеквондодан клубтар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға ие болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Турнирде алтын жүлдені Мария Севостьянова (57 келіге дейін) мен Дамир Шуленов (68 келіге дейін) жеңіп алды.

Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) күміс медаль иеленді.

Қола медальға Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Тамирлан Тлеулес (58 келіге дейін), Алтаир Өмірбеков (74 келіге дейін) және Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) қол жеткізді.