Қазақстандық теннисші 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Бейбіт Жукаев Таиландтағы челленджер жарысының ширек финалына шықты, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Бейбіт екінші айналымда әлемнің 384-ракеткасы, жапониялық Сё Симабукуромен ойнады.
Қазақстандық теннисші 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Үш сетке жалғасқан матч 1 сағат 49 минутқа созылды. Осы мерзімде Бейбіт 18 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.
Б.Жукаев жартылай финалға шығу үшін монаколық Валентин Вашеромен таласады.