Спортшылар өз өнері үшін 216,3250 ұпай алды.
ERNUR.KZ. Парижде өткен әртістік жүзуден әлем кубогында аралас командалар арасындағы жарыста қазақстандық спортшылар Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жеңіске жетті, деп жазады zakon.kz.
Спортшылар өз өнері үшін 216,3250 ұпай алды.
Екінші орынға 207,5367 ұпаймен Италия жайғасты. Испания құрамасы үшінші нәтиже көрсетті – 198,8417.
Айта кетейік, Эдуард пен Наргиза Бейжіңде (Қытай) өткен жарыста күміс медаль жеңіп алған еді.