Қазақстандықтар ТМД-дағы үздік ойыншының командасын жеңді

0
479

Жарысқа қазақстандық екі команда қатысып жатыр.


Қазақстандықтар ТМД-дағы үздік ойыншының командасын жеңді

ERNUR.KZ. Қазақстандық Cyberium Seed командасы жүлде қоры 50 000 доллар болған Divine Omega League по Dota 2 жарысының дивизионын жеңіспен бастады, - деп жазады Vesti.kz.

Бекжан Жандировтың және Азамат Байтасовтың бірінші қарсыласы - тәжірибелі B8 командасы болды, айта кетейік бұл құрамада ТМД-дағы ең үздік киберспортшылардың бірі Даниил Ишутин ойнайды.

Интернет-байланысының нашар болуына байланысты Ишутиннің командасы екі рет ойыншы алмастыруға тура келді. Дмитрий Полищуктің және Олег Демидовичтің орнына экс-ойыншы Андрей Кадык және стример Глеб Важнов ойнады.

Осылайша B8 командасы қазақстандық ұжымға қарсылық білдіре алмай, 0:2 есебімен жеңілді. Келесі ойынды қазақстандықтар бүгін, 11 тамызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:00-де ресейлік Team Unique командасына қарсы өткізеді.

Айта кетейік, Ишутин ТМД-дағы танымал киберспортшы. NaVi командасының құрамында ол тұңғыш The International жеңімпазы болды және екі рет жарыстың финалына дейін жетті.

Жарыс 5 қыркүйекке дейін созылады. Онда қазақстандық екі команда қатысып жатыр - Khan командасы (Айбеком Naive Токаев және Владислав BLACKARXANGEL Иващенко), сондай-ақ, OmegaLil командасы (Әбдімәлік Сайлау және Даниял Xvamp1re Әлібаев)