Жартылай финалдың қорытындысы бойынша екі қазақстандық финалға жолдама алды.
ERNUR.KZ. Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер өтті, деп жазады sputnik.kz.
Жартылай финалдың қорытындысы бойынша екі қазақстандық финалға жолдама алды. Енді Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) мен Ләззат Күнгейбаева (81 келіден астам) алтын медаль үшін таласады.
Ал Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін), Надежда Рябец (66 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін) және Фариза Шолтай (81 келіге дейін) қола жүлдені қанағат тұтты.