Хоккейден әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан Швецияға қарсы ойнайды

0
264

Ойын Астана уақытымен 19:20-да басталады.


Хоккейден әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан Швецияға қарсы ойнайды

ERNUR.KZ. Финляндияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші ойынын өткізеді, деп жазады inbusiness.kz.

В тобында бақ сынайтын Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері әлемнің үздік командаларының бірі - Швецияға қарсы шығады.

Айта кетелік, бүгінге дейін Қазақстан командасы топтағы бір ойында ғана жеңіске жетті. Чемпионаттың беташар матчында біздің құрама Франциядан 3:2 есебімен басым түскен болатын.

Кейін Словакияға 2:6, Латвияға 0:2 есебімен жол берді. Турнир кестесінде қазақстандықтар 3 ұпаймен 7-орында келеді.