15 маусымда өткен ISU кеңесінде осындай шешім қабылданды.
ERNUR.KZ. Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2022 жылы әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы анықтады, деп жазады Olympic.kz.
15 маусымда өткен ISU кеңесінде осындай шешім қабылданды. Әлемдік сын 21-27 наурыз аралығында ұйымдастырылмақ.
Сондай-ақ, мәнерлеп сырғанаудан өтетін ірі жарыстар кестесі де анықталды. 2021 жылғы төрт құрлық чемпионаты Австралияның Сидней қаласында, 8-14 ақпан аралығында өтеді.
2022 жылдың 3-6 наурызы аралығында конькимен жүгіруден әлем чемпионатын Норвегияның Хамар қаласы өабылдайды. Ал сол жылы шорт-тректен әлем чемпионаты Канаданың Монреаль қаласында, 18-20 наурыз аралығында өткізіледі.