Мбаппе Чемпиондар лигасы алдында жарақат алды

0
589

Ойыншы 3 аптаға жуық емделеді.


Мбаппе Чемпиондар лигасы алдында жарақат алды

ERNUR.KZ. ПСЖ командасының форварды Килиан Мбаппе Франция лигасындағы "Монпельеге" қарсы ойында жарақат алды, деп жазады vesti.kz.

Ойыншы 3 аптаға жуық емделеді. Бұл париждік клубтың Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі "Баварияға" қарсы алғашқы ойынына қатыса алмайды деген сөз.

ПСЖ мен "Бавария" арасындағы 1/8 финалдағы бірінші ойын 14 ақпан күні өтеді.