ММА-ден жарыста жаппай төбелес болды

0
499

Екі файтер мен олардың командалары сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан.


ММА-ден жарыста жаппай төбелес болды

ERNUR.KZ. Мәскеуде өткен аралас жекпе-жек бойынша жарыста жаппай төбелес болды. Жарысты R3 Fighting Championship ұйымы ұйымдастырған, деп жазады Tengrinews.kz.

Екі файтер мен олардың командалары сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. Қоршаудан секіріп өткен көрермендер де оқиғаға араласты.

Ұйымдастырушылар төбелесті тоқтатып, қатысушыларды сабырға шақыру үшін көп күш салды. Жанжалға полиция қызметкерлері мен күзетшілер де араласты.

Бөгде адамдар октагоннан шығарылған соң, екі файтер жанжалды шешпек болады, алайда көп ұзамай турнирдің жоспардан тыс қатысушыларына айналады.

Алайда жекпе-жек бір минутқа ғана созылған. Қызыл қолғаптағы файтер қылғындыру тәсілін қолданып, жеңіске жетті.