Нью-Йорктегі қазақ-полицей жекпе-жекте жеңді

0
2 730

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек жоспарланған алты раундқа созылды.


Нью-Йорктегі қазақ-полицей жекпе-жекте жеңді

ERNUR.KZ. Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейтін 32 жастағы қазақстандық Димаш Ниязов 29 жастағы аргентиналық Джонатан Годойды жеңді, деп жазады Tengrinews.kz.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек Майамидегі (АҚШ, Флорида штаты) бокс кеші аясында өтті және жоспарланған алты раундқа созылды. Төрешілер бірауыздан жеңісті Ниязовқа берді.

Бұл жеңіс ол үшін кәсіби тұрғыдан 14-ші және 2017 жылдан бері бірінші болды. Алдыңғы жекпе-жекте боксшы жеңіліп қалды, содан кейін омыртқааралық диск жарығына, тағы пандемияға байланысты рингке орала алмады.

Ал 29 жастағы аргентиналық профи рингте бес рет жеңген және сегізінші рет жеңіліп тұр.

Еске салайық, Димаш Ниязов Шымкентте дүниеге келген, бірақ балалық шағында отбасымен АҚШ-қа қоныс аударған.