Қазақстандық спортшы 2008 жылдан бері бірінші рет Олимпиада жүлдесінсіз қалды.
ERNUR.KZ. Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Токио Олимпиадасының финалына өте алмады және 2008 жылдан бері бірінші рет Олимпиада жүлдесінсіз қалды, деп жазады Vesti.kz.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық атлет Рыпакова 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында ел қоржынына "күміс", Рио-2016 ойындарында "қола" медаль салған болатын.