«Млада Болеслав» қақпасына гол соққан жас жанкүйер Криштиану Роналдудың тойлауын қайталады.
Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде шымкенттік «Ордабасы» командасы чехиялық «Млада Болеслав» клубымен қарымта ойынын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
«Млада Болеслав» командасының пайдасына 2-3 есебімен аяқталған ойын өте тартысты әрі қызыққа толы болды. Соның бірі – «Ордабасы» жанкүйерінің әрекеті: жас жанкүйер алаңға алаңға жүгіріп шығып, «Млада Болеслав» командасының қақпасына гол соқты және Криштиану Роналдудың танымал тойлауын қайталады.
Ал, тәртіп бұзған жанкүйерді қуып жүріп ұстаған полицейлер жанкүйерлер лақтырған бөтелкелердің астында қалды. Шымкенттік Полиция департаментінің хабарлауынша, қазір полицейлер ол жанкүйермен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, өз алаңында тең ойнаған чехиялық команда сырт алаңдағы жеңісінің арқасында келесі кезеңге өтті.