Халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша қазақстандықтар 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
ERNUR.KZ. 18 тамыз күні Ташкентте жеңіл атлетикадан Өзбекстанның ашық кубогі аяқталды. Аталған сынға 20 қазақстандық атлет қатысқан болатын, деп жазады olympic.kz.
Халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша қазақстандықтар 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Алтын: Мария Овчиннкова (үш қарғып секіру), Давид Ефремов (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Алексей Гусаров (1500 метр);
Күміс: Абдулазиз Абдукаюмов (800 метр), Марина Хусейнова (ұзындыққа секіру), Виталий Терехин (спорттық жүріс), Екатерина Нестерова (ядро лақтыру);
Қола: Евгений Прокудин (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Витадий Земс (100 метр), Екатерина Нестерова (балға лақтыру).