Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетін Шавкат Мирзиеевтің өзі басқаратын болды

0
236

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев өз елінің Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы болып сайланды.


Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетін Шавкат Мирзиеевтің өзі басқаратын болды

ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы болып сайланды. ҰОК төрағасының бірінші орынбасары болып Отабек Омаров, Ойбек Қасымов бас хатшы, ал Шерзод Ташматов төрағаның орынбасары болып қайта сайланды, деп жазады ulyssport.kz.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев өз елінің Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы болып сайланды.

25 қарашада ҰОК 41-ші бас ассамблеясы отырысы өткен. Іс-шараға Өзбекстанның премьер-министрі Абдолла Әріпов, президент әкімшілігі департаментінің басшысы Әділ Әбдірахманов, спорт министрі Адхам Икрамов, Азия олимпиада кеңесінің (ОАА) вице-президенті Отабек Омаров, бас ассамблея мүшелері, сондай-ақ федерациялар мен қауымдастықтардың жауапты тұлғалары қатысқан.

Отырыста Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті басшылығының құрамы қайта құрылған.

Өзбекстан премьер-министрі қол жеткізілген жетістіктерді атап өткен, сонымен қатар іске асырылмаған мүмкіндіктерге назар аударған. Күтілетін нәтижелерге қол жеткізбеген федерацияларға сын айтқан.

Осыдан кейін күн тәртібіндегі басқа мәселелер қаралған. Алдымен Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа басшысы сайланды (алдыңғы басшысы Рустам Шаабдурахманов 2022 жылдың ақпанында қызметінен кетті, содан бері спорт министрі Адхам Икрамов Комитеттің жұмысын үйлестірумен айналысты).