Париж-2024: Бүгін жарыс алаңына мергендеріміз шығады

0
347

Париждегі жазғы олимпиада ойындарында Қазақстаннан алғаш болып садақ атушылар сынға түседі.


Париж-2024: Бүгін жарыс алаңына мергендеріміз шығады

ERNUR.KZ. Бүгін Париж олимпиадасының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық спортшылар медальға таласады, деп жазады stan.kz.

Париждегі жазғы олимпиада ойындарында Қазақстаннан алғаш болып садақ атушылар сынға түседі. Аталған спорт түрінен Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко ел намысын қорғайды. Бүгін спортшылар рейтингілік раундтағы жекелей сында өнер көрсетеді. Жарыс нәтижесі бойынша олимпиадалық сетка анықталады. Ал плей-офф кезеңі 30 шілде күні 1/32 финалдан басталады. Мергендер жарысты Астана уақытымен 17.15-те бастайды.

Айта кетейік, бұған дейін олимпиада ойындарына алғаш рет қатысатын бадминтоншымыздың қарсыластары белгілі болғанын жазған едік.