"Пәтер, көлік": Көшпенділер ойындарында топ жарған садақшыларға бағалы сыйлық берілді

0
211

Дәстүрлі садақ ату федерациясы алтын медаль иегері Жәнібек Құлмырзаевқа Астана қаласынан 1 бөлмелі пәтер берді.


Фото: ulttyqatsport.kz

ERNUR.KZ. Дәстүрлі садақ ату федерациясы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлдегер атанған спортшыларға пәтер, көлік және сыйақы табыстады. Бұл туралы Ұлттық ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Дәстүрлі садақ ату федерациясы алтын медаль иегері Жәнібек Құлмырзаевқа Астана қаласынан 1 бөлмелі пәтер, күміс медаль иегері Ербол Тапеновке автокөлік кілті, қола медаль еншілеген Қанат Қасымханға 500 000 теңге сертификаты, команданың аға жаттықтырушы Диас Ахметов 1 000 000 теңге сертификаты табысталды.

Елордада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында "Пута" нысанасына садақ атудан Жәнібек Қалмұрзаев алтын медаль алса, Қанат Қасымхан қоланы қанжығасын байлған болатын. Ал "Қалқан" нысанасына садақ атудан сынға түскен Ербол Тапенов күміс жүлдегер атанған болатын.

Еске сала кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өткен Көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2500-ге жуық спортшы қатысты. Олар спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салды.