Оқиға спортшының тепе-теңдігін жоғалтуына байланысты болды.
ERNUR.KZ. Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы U-18 Олимпиадасының ашылуына дайындық кезінде 4,5 метр биіктіктен құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Швейцарияның Лозанна қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатына дайындық кезінде 35 жастағы спортшы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы биіктіктен мұзға құлаған.
"Арнайы қауіпсіздік құралдары болған. Оларда ешқандай ақау болған жоқ, оқиға спортшының тепе-теңдігін жоғалтуына байланысты болды", - деп жазды The Sun.
Қазіргі уақытта спортшы аса ауыр халде ауруханада жатыр. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.