Самбодан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар үш қола алды

0
981

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 2 күміс, 5 қола медаль бар.


Самбодан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар үш қола алды

ERNUR.KZ. Қырғызстан астанасы - Бішкекте өтіп жатқан самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионатының 2-күнінде қазақстандық балуандар үш қола медаль алды, деп жазады inform.kz.

Ел құрамасынан Ділдәш Құрышбаевадан (72 келі) ширек финалда румын Ольга Малейкаға есе жіберді. Ал қола медаль үшін жекпе-жекте өзбекстандық Мохигүл Комилжанованы таза ұтты.
Дүбірлі додада тағы екі қола Арнұр Қуатай (71 келі) және жауынгерлік самбодан 58 келіге дейінгі салмақта Мирас Уәлиевтің еншісіне жазылды.
Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 2 күміс, 5 қола медаль бар.
Бүгін Әлем чемпионатының соңғы күні, самбошылар қалған 7 салмақтың чемпионы мен жүлдегерлерін анықтайды.
Айта кетсек, әлем чемпионатына 52 елдің балуандары келді.
Енді 13 қарашада балуандар тағы 7 салмақта сынға түседі.