ERNUR.KZ. 9 - 20 маусым аралығында Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыста Шымкент қалалық Л.Тәжиева атындағы №4 спорт мектебінің спортшылары сәтті ойын көрсетіп, жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.
Классика түрінен 13 жастағы қатысушылар арасында Оңғар Даниял жеңімпаз атанып, келесі айда Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
Блиц түрінен 9 жастағы Бақдәулет Сапархан ел біріншілігін 3-орынмен аяқтады. Ал, тоғызқұмалақтың бұл түрінен Оңғар Даниял 3-орыннан көрінді.