Тайсон Фьюридің Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды

0
501

Кәсіпқой бокстың жарық жұлдызы баспасөз жиынын өткізеді деп күтілуде.


Тайсон Фьюридің Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Аса ауыр салмақтағы WBA белбеуінің иегері британдық боксшы Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) Қазақстанға келетін болды, деп жазады Vesti.kz.

Кәсіпқой бокстың жарық жұлдызы биыл қазан айында келеді деп күтілуде. Бұл уақытта Алматы қаласында MTK Kazakhstan компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді.

Қолда бар ақпарат бойынша, Фьюри MTK Fight Night турнирінің арнайы қонағы да болуы мүмкін. Сондай-ақ, баспасөз жиынын да өткізеді.

Боксшының келуіне қатысты нақты ақпарат америкалық Деонтей Уайлдермен өтетін кездесуден кейін белгілі болады.

Еске салайық, Уайлдер мен Фьюри арасындағы үшінші кездесу 24 шілдеге белгіленген.