Тамыз айының үздік спортшысы анықталды

0
1 033

47,72 пайыз дауыс жинаған Ришат Хайбуллин жеңімпаз атанды.


Тамыз айының үздік спортшысы анықталды

ERNUR.KZ. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында «Тамыз айының үздік спортшысына» дауыс беру мерзімі аяқталды. Жанкүйерлер тамыз айындағы үздік спортшы атағына Ришат Хайбуллинді лайық деп тапты, деп жазады Olympic.kz.

Айдын үздігі атануға барлығы бес спортшы үміткер болды. Олар: Ришат Хайбуллин (спорттық құзға өрмелеу), Елдос Сметов (дзюдо), Юрий Натаров (велоспорт), Әлішер Ерғали (еркін күрес), Алмат Кебіспаев (грек-рим күресі).

Дауыс беру мерзімі 9 қыркүйек күні 13.00-де аяқталды. Нәтижесінде, 47,72 пайыз дауыс жинаған Ришат Хайбуллин жеңімпаз атанды. Екінші орынға 25,21 пайыз дауыспен Әлішер Ерғали, үшінші сатыға 19,44 пайыз дауыспен Елдос Сметов орналасқан.