Жоламан Биғабыл Азия чемпионы атанды.
ERNUR.KZ. Жоламан Биғабыл каратэден Ташкентте өткен Азия чемпионатында жеңіске жетіп, 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді, деп жазады inbusiness.kz.
Финалда ол Өзбекстан өкілі Собитхон Косимовпен кездесіп, Қазақстан құрамасына Ташкенттегі сары құрлық бәсекесіндегі алғашқы алтынды сыйлады.
Айта кетейік, Жоламан Биғабыл бұған дейін де халықаралық ареналарда көзге түсіп, 2025 жылдың қаңтар айында Тбилисиде өткен А сериялы турнирде күміс медаль жеңіп алған болатын.
Алда қазақстандық каратэшілердің қатысуымен жекелей сында тағы үш финал бар. Сондай-ақ Қазақстан әйелдер құрамасы чемпионатта командалық жарыстың финалында бақ сынайды.