Финалда Қазақстан теннисшісі 6:4, 6:2 есебімен жергілікті теннисшіден озды.
ERNUR.KZ. Қазақстанның жас теннисшісі Томирис Нұржан Барселонада өткен 14 жасқа дейінгі чемпиондар арасындағы беделді Open Banc Sabadell Champion турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады inbusiness.kz.
Финалда Қазақстан теннисшісі 6:4, 6:2 есебімен жергілікті теннисшіден озды. Каталония мэрі чемпионға сыйлықты өзі тапсырып, теннисшіміздің жеңіске деген керемет ерік-жігерін атап өтті.
Осы жеңістің арқасында Томирис сәуір айында Барселонада ATP 500 турнирімен қатар өтетін сайыста өнер көрсетеді.