Жақында ғана ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында топ жарып, 18 жасында ел біріншілігінің чемпионы атанған Төрехан Азияның ең үздік жас боксшысы атанды.
Фото: ҚБФ
ERNUR.KZ. Әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанған Төрехан Сабырхан Азияның да үздік боксшысы деп танылды, деп жазады stan.kz.
Жақында ғана ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында топ жарып, 18 жасында ел біріншілігінің чемпионы атанған Төрехан Азияның ең үздік жас боксшысы атанды. Азия бокс қауымдастығы араға 6 жыл салып, жыл үздіктерін атап өтуді қайта жаңғыртты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан жастар арасындағы үздік боксшы атағын жеңіп алды. Одан бөлек, Қазақстан 3 аталымда жеңімпаз деп танылды:
Үздік ұлттық федерация - Қазақстан бокс федерациясы
Ерлер арасындағы үздік боксшы - Сағындық Тоғамбай
U22 ерлер арасындвғы үздік боксшы - Темірлан Мұқатаев
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны.