Тоғызқұмалақдан облысымыз командасы 3 - орыннан көрінді.
2018 жылдың 12 - 16 қыркүйегі аралығында Елордамыз Астана қаласында ұлттық спорт түрлерінен"Ұлы дала рухы" республикалық фестивалінің ақтық жарыстары өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Додада Түркістан облысының командасы сəтті қатысып, жамбы атудан 1 - орынды иеленді. Сонымен қатар спортшыларымызға теңге ілу мен қазақ күресінен де қарсылас шақ келмеді. Ал, тоғызқұмалақдан облысымыз командасы 3 - орыннан көрінді.