Жазира Жаппарқұл ерекше рейтингке енді

0
708

Жазира 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында күміс медаль еншілеген.


Жазира Жаппарқұл ерекше рейтингке енді

ERNUR.KZ. Қазақстандық зілтемірші Жазира Жаппарқұл Okezone.com басылымының ерекше рейтингіне енді, деп жазады Prosports.kz.

Басылым Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған бес мұсылман әйел тізімін жасаған. Олардың қатарында Жаппарқұл да бар.


«2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Жазира 69 келіге дейінгі салмақта 259 келіні еңсеріп, күміс медаль еншілеген. Енді Жазира Токиодағы Олимпиадада алтын медаль алуға тырысады», - деп жазылған басылым материалында.


Айта кетейік, Токио Олимпиадасы коронавирус пандемиясына байланысы 2021 жылға шегерілген болатын.