Олар – Давид Ефремов пен Надежда Дубовицкая.
ERNUR.KZ. 1-3 наурыз аралығында Шотландияның Глазго қаласында жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы әлем чемпионаты өтеді, деп жазады inform.kz.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, аталған «әлемдік додаға Қазақстан атынан екі спортшы қатысады. Олар – Давид Ефремов пен Надежда Дубовицкая.
Ефремов 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден ел намысын қорғаса, Дубовицкая биіктікке секіруден сынға түседі.
Айта кетелік, былтыр Надежда Дубовицкая әлемдік сында үздік үштікке енген болатын.