Көптеген студенттер үшін бюджет шектеулі болғандықтан, қаржыны дұрыс басқару әдеттерін дамыту қажет.
көрнекілік: thefinancialadvisor100.com сайтынан
Студенттік өмір – жаңа біліммен бірге қаржылық жауапкершіліктің арта түсетін кезеңі. Ақша мәселесінде тиімді шешімдер қабылдау, болашақта қаржылық тұрақтылықты қалыптастыру үшін маңызды. Көптеген студенттер үшін бюджет шектеулі болғандықтан, қаржыны дұрыс басқару әдеттерін дамыту қажет. Төменде студенттерге арналған қарапайым, бірақ тиімді қаржы басқару әдістері ұсынамыз
1. Бюджет құр және оны қадағала
Бюджет құру – кез келген қаржылық жоспарлаудың негізі. Кірістер мен шығыстарды жазып отыру арқылы ақшаңыздың қайда кететінін көре аласыз. Бұл қарапайым қадам ақшаны үнемдеуге және қажетсіз шығындарды азайтуға көмектеседі.
Кеңестер:
- Жалақы, стипендия немесе ата-ана көмегі сияқты кіріс көздеріңізді тізім қылып жазыңыз
- Тамақ, көлік, оқу құралдары және ойын-сауық сияқты шығыстарыңызды бөліп жазып отырыңыз.
- Ай сайынғы бюджетіңізді құрып, оны ұстануға тырысыңыз.
2. Артық шығындардан аулақ бол
Артық шығындар студенттер үшін басты проблема болуы мүмкін. Кафе, ойын-сауық, немесе қажетсіз заттар сатып алу – жиі артық ақша жұмсалатын шығындар. Өз қажеттіліктеріңізді анықтап, үнемі жоспарсыз шығындардан сақ болу керек.
Кеңестер:
- Тамақты үйден жасау, кофені сыртта сатып алмау секілді шағын әдеттерден бастау.
- Ойын-сауыққа жұмсалатын қаражатты шектеңіз немесе алдын ала белгілеңіз.
- Қажетсіз заттарды сатып алу әдетін шектеп, «Бұл мен үшін қажет пе?» деген сұрақ қойып отырыңыз.
3. Жеңілдіктер мен ұсыныстарды пайдалан
Студенттерге арналған жеңілдіктер өте көп, әсіресе көлік, музей, кино, фитнес-клуб сияқты қызметтерде. Сондай-ақ, дүкендердегі маусымдық жеңілдіктерді пайдаланып, қажетті тауарларды арзандатылған бағамен алуға болады.
Кеңестер:
- Студенттік картаны көрсету арқылы жеңілдіктер сұраңыз.
- Дүкендер мен онлайн платформалардағы науқандарды қадағалаңыз.
- Маусымдық немесе жыл соңындағы жеңілдіктерді пайдаланып, үлкен заттарды сатып алыңыз.
4. Қысқа мерзімді мақсаттарды белгілеп ал
Қаржылық мақсаттар анық және қысқа мерзімді болғанда, оған жету оңайырақ болады. Мысалы, шетелге саяхат, жаңа гаджет алу сияқты мақсаттарға ақша жинауды жоспарлаңыз. Мақсатқа жету жолында шығындарды азайтып, ақшаңызды жинақтауға мүмкіндік болады.
Кеңестер:
- Жеке қаржы мақсаттарыңызды анықтап, сол үшін ай сайын шағын мөлшерде ақша жинап отырыңыз.
- Шығындарды бақылап, артық ақшаны мақсаттарыңызға арнаңыз.
- Мақсатқа жеткен сайын, жаңа мақсаттар қойып, мотивацияңызды арттырыңыз.
5. Жинақ шотын аш
Егер өз кірістеріңізден ақша жинауды бастасаңыз, жинақ шотын ашу – жақсы шешім. Бұл шотта ақшаңыз жиналып, қажетсіз шығындарға кетпейді. Сонымен қатар, кейбір банктер студенттерге арналған арнайы жинақ шоттарын ұсынады.
Кеңестер:
- Жинақ шоты ашу үшін банкке барып, арнайы ұсыныстарын қарастырыңыз.
- Ай сайынғы бюджеттен белгілі бір пайызын жинақ шотына аударыңыз.
- Шұғыл жағдайлар үшін ақша қалдырып, жинаққа мүмкіндігінше қол тигізбеңіз.
6. Қарыздан аулақ болуға тырыс!
Қарыз – көптеген қаржылық қиындықтардың бастауы. Студенттік кезеңде қарыз алудан аулақ болу керек, өйткені оны төлеу міндеті өмірге елеулі стресс қосады. Сондықтан қарыз алмау үшін, қаржыны дұрыс жоспарлау маңызды.
Кеңестер:
- Қарызға заттар алмауға тырысыңыз, орнына жинақтан қажетті қаражатты алыңыз.
- Егер қарыз алу қажет болса, төлеу мүмкіндігін мұқият бағалаңыз.
- Қарызды алған жағдайда оны уақытында төлеуді жоспарлаңыз.
7. Қаржы туралы білімді арттыру
Қаржылық білім – ақшаңызды тиімді басқарудың кілті. Әртүрлі қаржылық құралдар, жинақтаудың түрлері және бюджетті басқару әдістерін білу арқылы ұзақ мерзімде табысты қаржылық жағдай жасай аласыз.
Кеңестер:
- Қаржы туралы кітаптар, онлайн курстар және мақалалар оқып, өз біліміңізді арттырыңыз.
- Қаржылық кеңес беретін тегін семинарларға қатысыңыз.
- Ақша жинау, инвестиция және бюджетті басқару туралы пайдалы мақалаларды іздеңіз.
Қаржыны дұрыс басқару – тек ақшаны үнемдеу ғана емес, сонымен қатар болашағыңызды жоспарлау. Студенттік кезеңде осы әдеттерді қалыптастыру, өмір бойы қаржылық тұрақтылыққа жетелейтін пайдалы дағдыға айналады. Төмендегі кеңестерді пайдалана отырып, қаржылық тәуелсіздікке бір қадам жақындаңыз және өзіңізге деген сенімділігіңізді арттырыңыз!
Дайындаған: Кәрімхан Ж.