​40-тан кейін киінудегі ҚАТЕЛІКТЕР

0
7 057

Байқасаңыз, қырықтан асқан әйелдердің көпшілігі бірдей типтегі және ерекше көзге түсе қоймайтын сипатта киінеді.


​40-тан кейін киінудегі ҚАТЕЛІКТЕР

фото: o-tendencii.com

Адам жасына сай әдемі киіне білсе, ол да өнер. Бірақ, көптеген әйелдер жас кезде ғана жарқырап киінуге болады, оларға не кисе де жарасымды, ал жас ұлғайған сайын тым ашық түстегі киімдерді кию жарасымсыз деп ойлайды. Бұл негізі қате пікір.

Байқасаңыз, қырықтан асқан әйелдердің көпшілігі бірдей типтегі және ерекше көзге түсе қоймайтын сипатта киінеді. Көбінесе, ханымдар өздерінің жастары мен қоғамдағы орнын ескере отырып, оларға не сәйкес келетінін білмейді, сондықтан олар жабық түсті және көзге көрінбейтін киімдерді таңдайды. «Өзіңнен кейінгіні көріп, қартаясың» деген сөз бар ғой, жан-жағыңа қарап, өзіңнің жасың ұлғайып бара жатқанын түсінесің ...


40-тан кейінгі әйелдерге арналған киімдегі жиі кездесетін қателіктер

Енді орта жастағы әйелдердің киім таңдауда жіберетін бірнеше жалпы қателіктерін талдап көрейік


Үлкен сөмке

Үлкен сөмке әрдайым сәнді көріне бермейді. Егер үлкен сөмкеңізге салатын зат болмаса, кішкентай кітаптың өлшеміндей болатын шағын, талғампаз сөмкелерді қолданыңыз. Бұл сіздің жасыңызды ұлғайтып көрсетуден сақтайды.


Күңгірт түсті ұзын көйлектер мен белдемше
Ұзын, пішіні жоқ, тобыққа дейін ұзын көйлек киген әжелерді көрген шығарсыз? Бұндай көйлектер әлбетте әжелерге жарасымды. Сондықтан, қырықта өзіңізді жаспын деп есептесеңіз, мұндай көйлектерден мейлінше бас тартқан жөн.


Плащ
қазіргі кезде әлбетте сәнді жаңбырлы күнге арналған плащтар мен пальтолар бар, ол туралы сөз болып жатқан жоқ. Көбінесе зейнет жасындағы әйелдер киетін пішінсіз және «түсініксіз» сыртқы киім туралы айтамыз. Мерзімінен бұрын «зейнеткер әйел» секілді көрінгіңіз келмесе, талғамыңызды түзетуге тырысыңыз.


Өкшесіз аяқ киім

Әлбетте өкшесіз аяқ киімдер сәнде шығар, бірақ өкшесі тұтас етік немесе балетка киюден абай болыңыз. Крассовкаларды да күнделікті өмірде кию әдетін қалыптастырудан сақтаныңыз. Себебі, сіздің жүріс-тұрысыңызға да әсер ететін орташа биіктігі бар өкшелі аяқ киімдерді таңдағаныңыз дұрыс.

Алтын бұйымдардың көптігі
Тек қана алтыннан жасалған көлемді әшекейлердің бірден бірнеше түрін «көмкеріп» алмаңыз. Әрине, алтын әшекейлер әйелдің сәнін ашады. Бірақ тұтастай әр саусағыңыз бен білегіңізді, мойныңызды жуан және қос-қостан тағып алу жасыңызға жас қоса түсетінін ұмытпаңыз.


Пішінсіз киім

Қазіргі түсінігіміздегі «оверсайз» үлгісіндегі киімдерден мейлінше аулақ болыңыз. Ол кез-келген орта жастағы әйелге жараса бермейді.
Бұл пішінсіз блузкалар, белдемше немесе тіпті сыртқы киім болуы мүмкін. Сіз қырықтан асқан соң, осындай гардероб элементтерінің бар екенін ұмытып кетуіңіз керек.

фото: Pinterest


Жастардың киім үлгісіне құмартпаңыз
Жас дегенде, жасөспірімдік шақтағы қыз балалардың киетін киімі. 40 жастан асқан кейбір әйелдер өздерінің «жас көрінетіндіктеріне» сеніп, жастардың киімін киюге деген құлшыныстары оянуы мүмкін. мұндай құрбандыққа тәуекел етпей-ақ қойғаныңыз жөн. Өйткені, қанша жерден күтім көрген, жас көрінетін болсаңыз да, «жастардың киімі» сізді керісінше қартайтып көрсетеді. Бұл өте жиі кездесетін қате, бұл киім мен жас арасындағы диссонансқа әкеледі. Адамдар бәрібір екіншісіне, яғни жасыңызға баса назар аударады, сондықтан бұл күлкілі көрінеді.

40 жастан асқан әйелдерге киім таңдаудың жалпы ережелері - жас көріну үшін қалай киінуге болады?

Сонымен, қырықтан асқан соң не киюге болмайтынын білдік. Ендеше не кию керектігін де біле жүргеніміз абзал. Сонымен, киім арқылы қалай «жасаруға» болады?


Жеңіл реңктегі киімдерді таңдаңыз
Қара, қоңыр, сұр секілді көңіл-күйді жабырқататын жабық түстер сізге әрдайым бірнеше жыл қосады, сондықтан қара түстен бас тарта алмаймын десеңіз, сәл өзгешелеу, қарасұр түстерге ауысыңыз, қоңыр түстің де қоюлығынан бас тартып, оның орнын сүт түсті (бежевый), бозғылт түстегі киімдерге басымдық беріңіз.

Осы түстердің барлығы да сіздің теріңізді сергек етіп, бетіңіздегі «қосымша жылдарды» өшіреді.


Киімдегі өрнектер

40 жастан кейін бір түсті киімдерді таңдаған жөн. Егер қандай да бір суреті немесе өрнегі бар киім алғыңыз келсе, өрнегі үлкен, бояуы қанық болмағаны жөн. Ұсақ өрнектер және киімнен айшықтанып көрініп тұрмауы тиіс. Өйткені «қатты» және «үлкен» суреттер, өрнектер сізге кем дегенде 5 жыл қосады.

40 жастан асқан әйелдерге арналған шалбар
Қырықтан кейін қыры бар, тік шалбарды таңдаңыз. Ең жақсы нұсқа - өкшесі бар аяқ киіммен киюге ыңғайлы классикалық шалбар. Бұл автоматты түрде сізді сымбатты және ұзын етіп көрсетеді және тиісінше «жасартады».

Джинсы
Сіздің сымбатыңызға сәйкес келетін және сіздің қадір-қасиетіңізді көрсететін классикалық көк түсті джинсы таңдауға тырысыңыз.


Аяқ киім
Көлемді болып көрінетін және көзбен сізге 1-2 өлшемді қосатын барлық аяқ киімдерден арылыңыз. Доғал, дөрекі көрінетін жалпақ аяқ киім мен осындай өкшеден аулақ болыңыз.
Ең жақсы нұсқа – өкшесі шағын (6-7 см) талғампаз аяқ киімдер. Ол сізді жасартып қана қоймай, аяғыңызды жіңішке әрі ұзын етіп көрсетеді.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«ЕКІНШІ ИЕКті» кетірудің 6 ТҮРЛІ тәсілі


ТЕРІҢІЗДІ ЖАҚСАРТУ үшін жасалатын 6 ТҮРЛІ маска