Күніне небәрі 1-ақ минут уақытыңызды бөлсеңіз жеткілікті. Нәтижесі жылдам байқалады.
Адхо Мукха Шванасана жаттығуын орындауға күніне 1-ақ минут уақыт бөліп, бүкіл ағзаны жасартып, терідегі әжімдерден құтылып, денсаулығыңызды көп аурудан сақтай аласыз. Тіпті, сымбатыңызда да өзгерістер орын алады.
Жаттығуды орындау үшін, тренажер залдың да, қымбат құрал-жабдықтың да қажеті жоқ. Бұны сіз жұмыс орнында да, үйіңізде де, тіпті аулада да жасай аласыз.
Нәтижесі
Егер, күнде үзбей 1 минуттық бұл жаттығуды орындайтын болсаңыз, нәтижесі екі аптадан соң-ақ байқала бастайды. Ал, бір айдан кейін бет терісінде жасару процесі жүріп жатқанына куә боласыз.
Көзге көрінбейтін дене ментальды, эфирлі қабаттарындағы бұзылыстарды реттеп, соның нәтижесінде ағзадағы көптеген дерт өздігінен емделе бастайды. Сондай-ақ, бет терісінде де оң өзгерістер орын алады.
Пайдасы
- денедегі салбыраған бұлшықеттерді жиырады
- бет пен мойын, кеуде бұлшықеттері тартылады
- бойыңызда сергектік пайда болады
- ас қорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады
- ағзаның зат алмасуы артып, тері тазарады
- омыртқаның иілгіштігі артады
- бас-ми қанайналымы жақсарады
- көздің көруі артады
- бет терісіндегі әжімдер біртіндеп жоғала бастайды
- қартаю тежеледі
- қуатыңыз артады
- арқадағы тұзды ыдыратады
Жаттығу қалай орындалады?
1. Еденге алақандарыңызды және табаныңызды тіреп, жамбасыңызды жоғары көтеріңіз. Бетіңізді төмен қаратып, қол, аяқ буындарын бүкпей тік ұстауға тырысыңыз.
2. Бастапқыда жаттығуды орындау қиындық тудыруы мүмкін. Сонда да шамаңыз келгенше орындай беріңіз. Бірте-бірте буындарды тік ұстауға үйренесіз. Осы қалыпта 1 минут тұрсаңыз жеткілікті.
Йогалық жаттығулардың қай-қайсысы да тән мен жанға бірдей әсер ету арқылы бүкіл ағзаны табиғи қалыпқа келтіріп реттейді.
(сурет ашық дереккөзден алынды)
Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы
Тағы да оқыңыз:
Үнді қыздарының шаш өсірудегі үш әдісі
Ас содасынан жасалған маска беттегі пигментті дақтарды кетіреді
Салбыраған БЕТ ТЕРІСІН үш аптада «ТАРТАТЫН» 3 маска