Эпиляция мен депиляция​: Екеуінің күтімі екі түрлі

0
22 363

Денедегі түкті алдыру - қазіргі таңда кең тараған косметикалық процедуралардың бірі. Оның қандай түрі қолданылмасын (қырынуға арналған құрылғы, ыстық балауыз, шекерлі әдіс) дененің тітіркенуіне ықпал етеді.


Эпиляция мен депиляция​: Екеуінің күтімі екі түрлі

Денедегі түкті алдыру - қазіргі таңда кең тараған косметикалық процедуралардың бірі. Оның қандай түрі қолданылмасын (қырынуға арналған құрылғы, ыстық балауыз, шекерлі әдіс) дененің тітіркенуіне ықпал етеді.

Дененің тітіркенуінен бұрын эпиляция мен депиляцияның айырмашылығы туралы біліп алсақ. Эпиляция – лазер немесе электроэпилятордың көмегімен түкті түбімен жою, ал депиляция түктің бетін ғана депилятор кремдермен алу.

Бұл процедурадан кейін дененің тітіркенуі қалыпты жағдай. Десе де оның басты себептері мыналар:

  • Жарақат алу: депиляцияны дұрыс жасамаған кезде дене жеңіл жарақат алып қалуы мүмкін.
  • Тазалық сақтамау: денедегі түкті алар кезде барынша тазалықты сақтап, теріге лас заттарды тигізбеген жөн.
  • Аллергия тудыруы: кейбір кремдер теріде теріс реакция тудыруы мүмкін. Аллергия салдарынан бөрткен аймақтар біраз күнге дейін қиындық тудырады.

Тітіркенуді болдырмау үшін не істеу керек?

Жалпы тері тітіркеніп, ауырлықты сезінбес үшін сақтық шараларын депиляцияға дейін жасау керек. Өйткені одан кейінгі амалдар көмектеспеуі мүмкін.

  • Теріге үнемі күтім жасау. Ауа-райының салдарынан да біздің теріміз зиян шегеді. Сондықтан апта сайын кемінде 1 рет денеге арналған маскалар қолданып тұру керек.
  • Теріні нәрлендіру. Терінің құрғақтығы, тым майлы болуы да жақсы емес. Жалпы балансты сақтау үшін арнайы жақпа майлардың пайдасы зор. Ал ең жеңіл жолы душтан шыққан соң, теріге міндетті түрде крем жағу.
  • Абсорбциялау. Әдетте түкті жоюдың алдында денеге тальк ұнтағын сепкен дұрыс. Терінің барынша құрғақ болғаны жөн, өйткені қаншалықты ылғал болса, соншалықты тері зақымданады.

Депиляциядан кейінгі күтім.

Депиляцияны ұстара немесе депиляторлық креммен жасайтын болсаңыз, артынша нәрлендіретін, тыныштандыратын крем жағу керек.

Ал эпиляциядан кейін керісінше бір тәулікке дейін су мен жақпа майлардан аулақ болған дұрыс.

Фото: lux-medicus.ee

Автор: @Karashash_esenbay

ERNUR.KZ